Ваш браузер устарел. Рекомендуем обновить его до последней версии.

НҰР - СҰЛТАН-ЕРТЕГІЛЕР ҚАЛАСЫ, АРМАН ҚАЛАСЫ!

Опубликовано 06.07.2021

Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу аясында жыл сайын №2 ТМИ КММ-де мемлекеттік мерекелерге арналған тәрбие сағаттары, салтанатты жиындар, сондай-ақ тақырыптық экскурсиялар және сурет байқаулары өткізіледі.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын насихаттау тақырыбына бейнематериалдарды көрсету, елдің жетістіктері мен мүмкіндіктерін көрсету ұйымдастырылды. Астана күнін мерекелеу аясында балалар үшін Нұр-сұлтан қаласына виртуалды экскурсия дайындалды. Бүгінде дәл осы Нұр-Сұлтан Нұрсұлтан Назарбаевпен және жаңа Қазақстанмен астасып жатыр, ол мемлекет Басшысының жүзеге асқан арманы. Бұл қала Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет дамуының қазақстандық моделін құру жөніндегі бастамаларын табысты іске асырудың символы ретінде орнықты. Біздің Астанамыздың туған күні мектеп оқушыларының жазғы демалысына келеді, бірақ балалар туған күн иесін сыйлықсыз қалдыра алмады және әртүрлі техникада суреттер орындады!

Text to Speech (Мәтінді сөйлеуге түрлендіру)